Разбекова Ләззат Мұратқызы
1974 жылы 30 маусымда ШҚО Аягөз ауданында дүниеге келген. Білімі: -1997 жылы Ш.Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетін "орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы еңбек жолын Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады; * Жетісу экономикалық институтында, Халықаралық құқық және нарық академиясында оқытушы; * 2002-2005 жылдары Алматы облысының ішкі саясат департаментінде бас маман; • 2005-2016 жылдары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді; • 2016-2017 жылдары-ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу басқармасының басшысы; * 2017-2020 жылдары- Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы; * 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты Технологиялық колледж директоры. Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар: * ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 10 жылдығына орай "Үздік мемлекеттік қызметші" медалі; * "ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы" мерейтойлық грамоталарымен (2011); • "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" (2015). -"Nur Otan"Партиясының Мүшесі. -2021 жылғы 14 қаңтарда Нұр - Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші шақырылымының депутаты болып сайланды. - Нұр - Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.