WORLDSKILLS – ШЕБЕРЛІКТІ ШЫҢДАЙТЫН СЫНАҚ
WorldSkills – халықаралық коммерциялық емес қозғалыс. Оның мақсаты – әрбір жеке елде де, жалпы әлемде де кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби білімді дамыту.
2016 жылдан бастап Технология колледжі WorldSkills чемпионаттарына қатысып, жыл сайын барлық үш мамандық бойынша жүлделі орындарға ие болып келеді.
2016 жылы «Киім дизайны» «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша 2 және 3 орындарға ие болды.
2017 жылы олар үш құзіреттілік бойынша «Пісіру шеберлігі», «Сән дизайны», «Шаштараз өнері» бойынша қатысып, 1 және екі 2 орынға ие болды.
2018 жылы «Пісіру шеберлігі», «Сән технологиясы», «Шаштараз өнері» екі 1 орын және 2 орын алды.
2019 жылы «Пісіру шеберлігі», «Сән дизайны» екі 1 орынға ие болды
2020 жылы «Сән технологиясы», «Пісіру шеберлігі», «Шаштараз өнері» 1, 2, 3 орындарға ие болды.
2017-2020 жылдар аралығында «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісі» мамандығы бойынша Ұлттық чемпионатқа қатысты, сертификаттар бар.
Ал, 2022 жылы шаштараз және тігін шебері біліктіліг бойынша і қос студентіміз бас жүлдені қанжығалады.