Menu Close

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында шеф-редакторы Олжас Қасыммен кездесу кеші өтті.

Кеше колледжіміздің кітапханасында ақын, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының «Таңшолпан» бағдарламасында шеф-редакторы Олжас Қасыммен кездесу кеші өтті. Шараның мақсаты: өлеңге әуес шығармашыл жастарды ақынмен жүздестіріп, әдебиетке құмарлықтарын арттыру. Рухани кемелдене түсулеріне сеп болу. Өнерге, өлеңге, қатысты көкейлеріндегі сауалдарға жауап беру. Емін-еркін, емен-жарқын жүздесуде студенттер «Бозбеткей» өлеңдер жинағынан ақынның жырларын жатқа оқыды. Шайыр өз кезегінде белсенділік танытқан студенттерге өз қолтаңбасымен сиясы кеппеген жаңа жыр жинағын табыстады. Бұл шара студенттер үшін тағылымға толы кездесу болды. Алдағы уақытта да Олжас мырза колледжбен бірлесе мүшайра өткізіп, жыр кештерін ұйымдастыруға уағдаласты.