ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзамен өткен сырлы сұқбат.
Өткен апта колледжімізде кездесу жиын көп болды. Соның бірі- ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповских мырзамен өткен сырлы сұқбат. Олай дейтініміз халық қалаулысына студенттеріміз ойын ірікпей, қоғамдағы сан-сала бойынша сауалдарын қойды. Өз кезегінде депутат та емін-еркін, емен-жарқын, ашық форматта әңгімелесу өткізді. Барынша ақтарылып, жастармен жастардың тілінде сөйлесті. Өзі де бір кездері техникалық колледжде білім алып, машинистің көмекшісі болып жұмысқа тұрған кезін есіне алды. Қажырлы еңбек пен биік мақсаттар арқасында бүгінгі жетісттікке жеткенін жастарға баяндады. Сондықтан, кәсіптік орта білімді меңгеріп қоғамға елеулі үлес қосуға болатынын жеткізді. Сөзбен емес іспен дәлелдеп, қарапайымдылықтың үлгісін көрсетіп жүрген жас мәжілісменнен студенттердің үйренері көп екеніне сенейік, демейік! Осындай ел алдында жүрген азаматтармен бетпе-бет кездесуге мүмкіншілік сыйлаған колледж басшылғына алғысымызды білдіреміз! Алдағы уақытта да жалғасын табады деген үміттеміз!