Menu Close

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДЕБАТ ӨТТІ.

Бүгін колледжіміздің кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан адамдары демократияны толық сезінеді» атты дебат өтті. Студенттер арасында өткен шара «Тәуелсіздік-тірегім» апталығы аясында ұйымдастырылды. Жастар арасында патриотизмді, ұлтжандылықты, адамгершілікті арттыру һәм дәріптеу мақсатында өткізілген дебат ойындары таласты тартысқа ұласты. Дебат – жастарды көшбасшы болуға, ойын еркін жеткізуге, сөздік қорын дамытуға, ораторлық шеберлікті меңгеруге, көпшілік алдында іркілмей сөйлеуге баулиды. Бүгін шара өз миссиясын 100% орындады деп айтуға толық негіз бар.