Menu Close

ТҰҒЫРЫ БИІК– ТӘУЕЛСІЗДІК МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ

Колледжімізде қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушыларының ұйымдастыруымен еліміздің Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған “Тұғыры биік – Тәуелсіздік” атты патриоттық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауда 1-2 курс студенттері бақ сынады. Патриоттық бағыттағы өлең-жырларды жатқа оқыған 17 қатысушының арасынан әділ-қазылар алқасы үздіктерді іріктеп, 1,2,3 жүлделі орындарды табыстады. Іс-шара рухани байлық сыйлап, өлең-жырлармен жүрекке рух берді. Жүректен шыққан жырларын нақышына келтіре айтқан студенттер жарыса өлең оқып, өз бақтарын сынға салды. Жүзден жүйрік болғандары жүлделі алғыс хаттармен марапатталды.