Menu Close

Жас маман жобасы

Президент пәрменінен соң, техникалық  кәсіби білімді дамыту үшін «Жас маман» жобасы қолға алынған еді. Ілкімді  бастаманың арқасында бүгінге дейін еліміздегі 100-ден аса колледждің материалдық-техникалық базасы толығымен қайта жаңартылды. Бұл талапкерлер үшін теория мен тәжірибені ұштастыратын таптырмас алаң.

«Жас Маман» жобасының мақсаты – колледждер мен университеттерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу.

МКҚК «Технологиялық колледжі» 2021 жылы «Наубайхана, макарон өнімдері мен кондитерлік өнімдер өндірісі» мамандандырылған заманауи қондырғыларды сатып алу бойынша «Жас Маман» жобасына қатысуға мақұлданды.

Оқу -материалдық базаны жаңарту білікті және жоғары кәсіби жұмысшыларды дайындауға жағдай жасайды, сонымен қатар Worldskills форматында оқыту мен қайта даярлауды жүргізеді.

«Жас Маман» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде колледж республикалық және халықаралық деңгейдегі сұранысқа ие мамандарды дайындауға қажетті заманауи құрал -жабдықтармен жабдықталады. Колледж қабырғасында машықтанған тәлімгерлер халықаралық сайыс Worldskills чемпионаттарында қазіргіден де үздік нәтижелерге қол жеткізеді деп күтілуде.