Меню Закрыть

КЕЛІССӨЗДЕР КЕЛЕЛІ КЕЛІСІМДЕРГЕ БАСТАЙДЫ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Технологиялық Колледжі өз алаңында «Нан пісіру шеберлігі» әлемдік мектебінің швейцариялық өкілдігін қабылдады.

Кездесуге UC Group директоры- Мишель Корби, Global Swiss Learning негізін қалаушы –
Самуэль Ноц, сондай-ақ, UC Group компаниясының Қазақстандағы ресми өкілі -Данияр Қабиболов келді. Сонымен қатар, жиынға Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы мен «Талап» КЕАҚ өкілдері де қатысты. Мәртебелі қонақтарға «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер өндірісі» біліктілігі: «Наубайшы» мамандығын дайындайтын алаң, яғни, ресурстық орталықтың мүмкіндіктері көрсетілді.

Колледжіміздегі соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар оқытушылар үшін сапалы әрі нәтижелі сабақ жүргізуге сеп.

Колледж базасында машықтанған студенттер WorldSkills сынды Халықарлық байқауларда бақ сынап, жоғары көрсеткішке жетіп жүр.

Кездесуде екі ел арасындағы әріптестік пен өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін одан әрі дамыту жағдайы талқыланды. Нәтижесінде қос тарап оқытушылар мен магистрлердің біліктілігін арттыру, кәсіби дайындықтың жаңа мүмкіндіктері, мамандардың мансаптық өсуі үшін тағылымдамадан өту жағдайы сынды бірқатар мәселелерге келіссөздер жүргізу бойынша уағдаластық.

AkordaPress Amanat партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы Amanat Baikonur Маслихат Города Нур-Султан Altay Kulginov Ерлан Каналимов Елнар Базыкен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі/ Акимат города Нур-Султан Асхат Оралов Сактаган Садвокасов