Menu Close

Сапаны қамтамасыз етудің ұлттық жүйесі.

30 және 31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Технологиялық колледжінде мамандандырылған аккредиттеу мониторингі өтті. Көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында колледждің стратегиясы мен миссиясын әзірлеу бойынша ұсыныстар мен ескертулер айтылды.
Бүкіл оқытушылық құрам шет қалмай, өздерінің жетістіктерін көрсетті, сондай-ақ, сабақтардың сапасы, конкурс пен форумдар және конференцияларға қаншалықты жиі қатысатындықтарын дәлелдеді.Бұл өз кезегінд мамандықтар бойынша жаңартылған білім мазмұнына сәйкес даму бағытын айқындап, білім сапасын жақсарту мен колледжді одан әрі ілгерілетуге септеседі. Комиссиялық құрам оқушылардың пікіріне құлақ асып, барлық талап, ұсыныстарын тыңдап, оң бағасын берді!