Бүгін колледжімізде «Жұмыс берушілер күні» шарасы болып өтті.
Бүгін колледжімізде «Жұмыс берушілер күні» шарасы болып өтті. Жиынға елордалық мәслихат хатшысы, «Атамекен» ҰКП төраға орынбасары, білім басқармасы мамандарымен елімізге белгілі ірі кәсіпорын иелері, жұмыс берушілер, өзге де ұйым өкілдері қатысты. Кездесу барысында қонақтар Технологиялық колледждің әлеуметтік серіктестермен бірлесе атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, арнайы цехтарды тамашалады. Сонымен қатар, қолданысқа берілген заманауи «Құзыреттілік орталық»-тың мүмкіндіктерін көрді. Шара барысында әлеуметтік серіктес өздерінің жұмысы жайлы жете таныстырып, студенттердің қойған түрлі сауалдарына жан-жақты жауап берді. Ашық диалог түрінде өткен кездесу қатысушыларға қызықты әрі пайдалы болды.
«Жұмыс берушілер күні кадр даярлау және түлектерді жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту мақсатында өткізіліп отыр. Бүгінгі таңда колледждер ірі кәсіпорындармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Академиялық тәуелсіздік аясында колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп, еңбек нарығының сұранысына сай білім беру бағдарламаларын әзірлейді. 500-ден астам ТжКБ ұйымы дуалды оқытуды енгізді және жұмыс берушілер де мамандарды даярлауға белсенді атсалысып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың арқасында студенттер теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын жұмыс орнында тікелей үйренеді. Яғни кәсіпорындар өз қызметкерлерін оқытуға және үздік студенттерді жұмысқа алуға мүмкіндік алып отыр. Ал студенттер бірте-бірте мамандыққа түсіп, еңбекке қажетті машықтарды меңгереді. Бүгінгідей әлеуметтік серіктестермен ашық диалогты алдағы уақытта да жиі ұйымдастыру жоспарымызда бар! Кездесу қорытындысы ретінде бірнеше жұмыс беруші компаниялармен меморандумға қол қойылды.